Астананың сол жағалауындағы көше жабылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 1 қыркүйекке дейін №24 көше - Тұран даңғылындағы көлік қозғалысына жартылай шектеу енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

«Қалалық Көлік және көлік жол-көлік инфраұрылымын дамыту басқармасы «Қабанбай батыр мен Тұран даңғылдарының бойындағы №24 көшенің құрылысы» жобасын іске асыру аясында №24 көше мен Тұран даңғылының қиылысында құрылыс- монтаж жұмыстарын бастауды жоспарлап отыр. Осыған орай, 16 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында жоғарыда аталған учаскеде көлік құралдарының қозғалысы жартылай шектеледі», - делінген хабарламада.

Әкімдік елорда тұрғындары мен қонақтарына қала жолдарында кептеліс тудырмау мақсатында өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлап алуын сұрайды.

 

Соңғы жаңалықтар