Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 366.43 EUR 420.11
RUB 5.58 CNY 52.87
Жаңалықтар

Астананың сауда нүктелеріне аукцион блокчейн арқылы өткізіледі

2018 жылғы 10 тамыз 20:33 549
Бөлісіңіз:
Астананың сауда нүктелеріне аукцион блокчейн арқылы өткізіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Astana əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациясы заңсыз кәсіпкерлікті анықтау бағытында жасалып жатқан жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Заңсыз сауда жауаушылар  туралы бізге шағымдар келіп түседі, біз оларды қабылдап тиісті органдарға жібереміз. Біздің корпорацияның бақылау жүргізу құқығы жоқ. Осы орайда, біз өз тарапымыздан адал кəсіпкерлерді қолдау мақсатында осы айдан бастап QR код жүйесін енгізудеміз. Əрбір кəсіпкерде QR коды болады. Ол Смарт Астана қосымшасындағы айырықша жүйе», - деді «Astana əлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.

Оның айтуынша аталған кодтық жүйенің негізінде құрылғы арқылы кез келген адам кəсіпкердің сауданы қаншалықты заңды түрде жүргізіп жатқанын біле алады.

«Осы тұрғыда заңсыз сауда жасау проблемасы цифрлық технологияға көшу мəселесін шештік. Өкінішке қарай, қолданыстағы заң бақылаушы органдарға заңсыз қойылған сауда нүктелерін алып тастау құқығын бермейді. Бір заңсыз сауданы анықтауға кемінде 3 ай уақыт керек. Енді біз шағымданушылардың өтініштеріне уақтылы жауап беру жəне заңға өзгеріс енгізу үшін өзіміздің ұсынымдарымызды  енгізудеміз», -деді ол.

Сонымен қатар, басқарма басшысы сауда орындарына аукционның блокчейн технологиясы арқылы өткізіліп жатқанын айтты.

«Бізде кәсіпкерлерден құжаттарды қабылдау рəсімі онлайн жүйесінде жүзеге асырылады. Адамдар қағаз тасып жүрмейді. Осы арқылы орын алуы мүмкін түрлі адами факторлардың алдын алсақ, одан əрі аукцион блокчейн технологиясы арқылы жүргізіледі. Бұл арқылы адами факторларды толығымен жоймақпыз»,-деп айтып өтті Н.Жақыпов. 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Дәулет Ізтілеу

Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
Мұрағат