Астананың ойын-сауық орындары тыйым салынған уақытта қызмет көрсеткен

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданың ойын-сауық орындары шектеу шараларына қарамастан тыйым салынған уақытта қызмет көрсетулерін жалғастырған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті Жергілікті полиция қызметi басқармасының бастығы Госман Жакин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылдың 27 қазанынан бастап карантин режимін сақтау бойынша бірқатар қосымша шектеу енгізілді. Елорда полициясы санитарлық нормаларды бұзу фактілерін анықтау үшін күн сайын рейдтік шаралар жүргізіп жатыр. Ержелерді бұзатын нысандарға, атап айтқанда, ойын-сауық мекемелеріне, сауда орындарына ерекше назар аударылады. Құрамында санитарлық қызмет, әкімдік қызметкерлері, еріктілер және полиция өкілдері бар мобильді топтар күн сайын рейд жүргізіп, карантин режимін бұзғандарды анықтап, жауапқа тартады. Қабылданып жатқан шараларға қарамастан кейбір ойын-сауық мекемелері санитарлық талаптарды бұзып, тыйым салынған уақытта қызмет көрсетуін жалғастыруда», - деді Госман Жакин.

Мәселен оның дерегінше, 21 қазанда Манас көшесіндегі кәуапхананың жұмыс және демалыс күндері бекітілген уақыт режиміне қарамастан қызмет көрсеткені анықталған. Ал 24 қазанда Бейімбет Майлин көшесінде орналасқан «Жаным сол» караоке-барында тыйым салынған уақытта келушілер болған. Сонымен қатар мейрамханаларда көп адам шақырып, отбасылық той-томалақ өткізетіндер де тыйылмай отыр. Атап айтқанда, Тұран даңғылы бойындағы «Grand Hall Astana» мейрамханасында бір күнде қыз ұзату мен туған күн кеші қатар өткізілген.

«Анықталған барлық ереже бұзушылықтарды әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында Нұр-Сұлтан қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментіне жинақталған материалдар жіберілді», - деді Жергілікті полиция қызметi басқармасының бастығы.


Соңғы жаңалықтар