Астананың орталығында «GGG - ЧЕМПИОН» деген маңдайша жазуы пайда болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорданың орталығындағы алты үйдің алдында «GGG - ЧЕМПИОН» жазбасымен үлкен неон жүгіртпе жолы пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«GGG Чемпион!!!! Мәңгілікке! Бұл жазу бүгін саған арналған, Гена !!!!», - деп жазды Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбек.

Әлеуметтік желі пайдаланушылары өз пікірлерінде Геннадий Головкин мансабындағы алғашқы жеңіліске ұшырағанына қарамастан, осындай назарға лайық екенін жазуда.

Қазақстан жұртшылығы мен мемлекет қайраткерлері Геннадий Головкинге үлкен қолдау көрсетті.

Осылайша, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Қасым-Жомарт Тоқаев Твиттерге былай деп жазған: «Маған да Головкин бұл жекпе-жекте аздаған басымдық танытып, жеңгейдей болып көрінді. Алайда төрешілердің пікірі өзгеше болып шықты, оған қарсылық білдірудің маңызы шамалы. GGG Қазақстанды әлемдік аренада танытуға зор үлес қосты, сондықтан марапатқа әбден лайық!»

Ал ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан халқының батыр Генаға деген махаббаты таусылмайтынын айтты. Әнші Димаш Құдайберген де отандасын рингтегі жеңілісінен кейін қолдап, Инстаграм желісінде Қазақстанды танытуына қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп жазды.

Бұған дейін, Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің рематчы қарсаңында Астанадағы Самал шағын ауданының үйлерінде «Алға, GGG!», «Вперед, GGG!» деп жазылған жанатын жүгіртпе жол пайда болған еді.

Еске салайық, 15 қыркүйек күні Лас-Вегастегі T-Mobile Arena-да қазақстандық Геннадий Головкин мен Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес қарымта жекпе-жек өткізді. Кешегі кездесу боксшылардың өткен жылы тең түскен кездесуінен кейінгі екінші жекпе-жегі болды. Осы жолы төрешілердің шешіміне сәйкес, мексикалық 114-114, 115-113, 115-113 есебімен айқастың жеңімпазы атанды. Бұл - GGG үшін кәсіпқой бокстағы 38 жеңісі мен бір тең дәрежеде түскен ойыннан кейінгі алғашқы жеңілісі.

Соңғы жаңалықтар