Астананың оңтүстік-батыс айналма бағытында үш көпір салынады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың оңтүстік-батыс айналма жолының төрт жолақты магистралі бойынша төрт классикалық жол айрығы, үш көпір мен 12 су құбыры жобаланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елорда Инфоға сілтеме жасап.

«Бір көпір Есілден, екіншісі арна арқылы, ал үшінші «Нұра-Есіл» арнасы арқылы өтеді. Бізде төрт ауысым бар: Қабанбай батыр, Қосшы жолында, Қорғалжын мен Астрахан тас жолында», - деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның Оңтүстік-батыс айналымы филиалының құрылысы жөніндегі басқарушы директоры Самат Мерғазин журналистерге арналған баспасөз турында.

Айта кету керек, бұл жобада төрт көлік торабынан басқа қалаға кіретін тас жолдар жоспарланбайды. Жобаның құны 60,2 млрд теңге. Оның 85%-ын Қытайдың Эксим банкі, ал 15%-ы республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Құрылыс кезінде кездесетін басты қиындықтар - инженерлік желілерді қайта құру және жеке меншік жерді мемлекет иелігінеалу.

Басқарушы директордың айтуынша, Ильинкадағы үш үй бұзылады. Олардың барлық шығыстарын мемлекет өтейді.
null

Құрылыс алаңына 472 техника, 789 қазақстандық және шетелдік мамандар жұмылдырылды.

«Қытайдан басшылық құрамда 36 адам жұмыс істейді, ал жұмысшылар біздің елдің азаматтары болады», - деді Самат Мерғазин.

34,4 шақырымдық жол елордадағы жолдарға айтарлықтай жеңілдік әкеледі.

«Біріншіден, Астана орталығының жүктемесі азаяды. Барлық транзиттік көліктер қалаға кірмейді Астананы айналып өтеді. Қаланың Қабанбай батыр даңғылымен жүретін Қосшы бойындағы көшелердің жүктемесі азаятын болады. Олар Қосшы айналымымен Қостанай, Көкшетау бағыты бойынша Қорғалжын қиылысы арқылы жолмен шығып кетеді. Менің ойымша, қала үшін бұл экологиялық тазалық жағынан пайдалы», - деді ол.

Консорциумның көшбасшысы - «Син Син» корпорациясы 18,1 шақырым жолды салумен айналысады, қалғанын «КазГерСтрой» қазақстан-неміс компаниясы салады.

«Қазақстан тарапынан жолдың ұзындығы 16,3 шақырымға кеңейтіледі. «ҚазГерСтрой» БК» ЖШС жер телімінде Қабанбай батыр мен Қосшы екі көлік аялдамасы бар, «Нұра-Есіл» арнасы бойынша көпір бар. Біздің және қытайдың жолдарында ешқандай айырмашылық жоқ», - дейді жобаның жетекшісі Серікжан Баянбек.

Оның айтуынша, дайындық жұмыстары кезінде бір учаскеден 24 мың ағаш алынып тасталған.

«Жасыл екпелер екі есе мөлшерде өтеледі. Кесілген ағаштардың орнына егілетін талдар солтүстік бағытта, Павлодар мен Көкшетау тас жолдарының жол айрығында отырғызылды», - дейді Серікжан Баянбек.

Еске салайық, 2017 жылғы 29 желтоқсанда К-1 айналма жолын құру жобасының шеңберінде Оңтүстік-Батыс айналма жолының жаңа автожолының құрылысы басталды. Құрылысты 2020 жылы аяқтау жоспарлануда.
null

Соңғы жаңалықтар