Астананың оң жағалауындағы ХҚО мекенжайын ауыстырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы Алматы аудандық №4 Халыққа қызмет көрсету орталығы азаматтарды енді Тәуелсіздік даңғылы,  32 көшесі бойынша қабылдайтын болады.  Бөлім бұрын Күйші Дина, 29/1 көшесінде болған, деп   хабарлайды ҚазАқпарат «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік корпорацияның мәліметінше, ғимараттың көшуіне халықтың аталмыш бөлімдегі жағдайды жақсарту туралы өтініштері түрткі болған.

Жаңартылған бөлім сегіз қабатты ғимараттың екінші қабатында орналасқан. Аумағы 2000 шаршы метрді құрайтын нысанда операторлар қабылдайтын 30 үстел болады, ал халық мемлекеттік қызметтерді өздігінен ала алатын өзіне-өзі қызмет көрсету секторына 28 үстел қойылады.

Қызмет алушы тұлғалардың ыңғайлылығы үшін  50 көлік қоюға арналған тұрақ бар.

Мемлекеттік корпорацияның фронт-офистерінің мекенжайларының жаңартылған тізімі төмендегідей:

Есіл аудандық ХҚО №1 бөлімі  - Мәңгілік Ел даңғылы, 30;

Есіл аудандық ХҚО №2 бөлімі  - Сауран көш., 7;

Алматы аудандық ХҚО №3 бөлімі - Достық, 13;

Алматы аудандық ХҚО №4 бөлімі - Тәуелсіздік даңғылы, 32;

Алматы аудандық ХҚО №5 бөлімі - Қ. Сәтбаев көш., 25;

Сарыарқа аудандық ХҚО №6 бөлімі - Сейфуллин көш., 22;

Сарыарқа аудандық ХҚО №7 бөлімі  - С409 көш., 43

Сарыарқа аудандық ХҚО №8 бөлімі - Республика даңғылы , 43;

Мамандандырылған ХҚО - 20 - 40, 2 көш.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі: дүйсенбі-сенбі күндері 09.00-ден -20.00-ге дейін, үзіліссіз. Есіл аудандық №2 бөлімі дүйсенбі-жұма аралығында сағат 24.00-ге дейін, сенбі - 20.00-ге дейін жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар