Астананың «Нұржол» бульварындағы көлік орнының ақысын онлайн төлеуге болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Нұржол» бульварында көлік қоятын орынның ақысын онлайн төлеуге болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Астана тұрақ кеңістігі» ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Баспасөз қызметінен хабарлағандай, ол үшін «Senim» арнайы қосымшасын жүктеп алып, тіркеліп, көлік туралы деректі енгізу қажет және баллансты толтырып, төлеу қажет.

Еске салайық, «Нұр жол» бульварында ақылы көлік тұрақтары 15 қаңтардан бастап жұмыс істеуде.

Аталған аумақта 472 тұрақ орны жабдықталған. Жол белгісі қойылып, ақпараттық тақталар мен 12 паркомат орнатылған.

Тұрақтың бір сағатқа құны таңғы сағат 8-ден кешкі 8-ге дейін - 100 теңге. Төлемді көлікті тұраққа қойған сәттен бастап алғашқы 30 минут ішінде жасау қажет. Демалыс және мереке күндері төлем алынбайды. Толық ақпаратты www.2888.kz сайтынан алуға болады. Бұл сайтта күн сайын тұрақтың ақысын төлемеген адамдардың дерегі жаңартылып отырады.

Көлікті тұраққа Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагерлері, бірінші және екінші топ мүгедектері, «Алтын Қыран» және «Халық қаһарманы» ордендерінің иегерлері, көп балалы аналар, «Алтын Алқа» және «Күміс Алқа» иегерлері, Семей ядролық полигонында зардап шеккендер, Ауған соғысының ардагерлері тегін қоя алады.

Соңғы жаңалықтар