Астананың миллионыншы тұрғыны дүниеге келді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың миллионыншы тұрғыны дүниеге келді. Бұл туралы бүгін Мемлекеттік туды көтеру рәсіміне қатыса отырып, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«2016 жылдың 4 шілдесі күні таңға жақын, Мұхамедияровтардың отбасында Астананың миллионыншы тұрғыны дүниеге келді. Баланың анасы  балабақша тәрбиешісі болса, әкесі электр монтері екен. Енді Астана - миллион халқы бар қала. Құттықтайын!», - деді Президент.

Мемлекеттік туды көтерген соң, дәстүрлі түрде, Астана күніне арналған шаралар ресми түрде басталатынын айта кетейік. Биыл Астана қаласы 18 жасқа толды.

«Енді елорда кәмелеттік жасқа толды деген сөз. Бұл дегеніміз қаланың алған белесі көп, болашағы зор деген сөз. Астана үлкен өзгерістердің қаласы. Бүкіл Қазақстанға шабыт беріп отырған да - Астана», - деді Елбасы Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар