Астананың мемлекеттік қызметшілері кім

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың мемлекеттік қызметшілері кім?

Бұл сауалға бүгін Астана қалалық Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Тілеген Каскин жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекеттік қызметтер кадрларының сапалық жай-күйіне жүргізілген сараптама Астанада 69 мемлекеттік органның, оның ішінде 32 жергілікті атқарушы органның және орталық мемлекеттік органның 37 территориялық бөлімшесінің бар екендігін көрсетті. Штаттық саны - 3966, ал нақты қызметкерлері саны 3517 адам», - деді Каскин.

Оның айтуынша, мемлекеттік қызметшілердің жалпы санының 93 пайызында жоғары білімі бар, олардың 15-і ғылым кандидаты, ал біреуі ғылым докторы. 129 мемлекеттік қызметші халықаралық бағдарламаларды бітірген. Оның ішінде 21 адам «Болашақ» бағдарламасымен білім алған. Олардың үшеуі Астана қаласы әкімдігі аппаратында, біреуі Жер қатынастары басқармасында, 1-еуі Төтенше жағдайлар департаментінде және тағы біреуі Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде жұмыс істейді.  63 адам ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлегі.

«Мемлекеттік қызметшілердің 60 пайызы - әйелдер. Жалпы мемлекеттік қызметшілердің басым бөлігін, яғни 37 пайызын 29 жасқа толмаған жастар құрайды. Мемлекеттік қызметтегі орташа қызмет өтілі  9 жыл, ал қызметшілердің орташа жасы - 33», - деді департамент басшысы.

Соңғы жаңалықтар