Астананың мемлекеттік қызмет істері департаментіне жаңа басшы тағайындалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы лауазымына Әли Көмекбаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әли Амантайұлы Көмекбаев 1961 жылы дүниеге келген.

Қазақ химия-технологиялық институтын, К.Э.Циалковсий атындағы МАТИ жанындағы Біліктілік арттыру салааралық институтын, Мәскеу мемлекеттік авиациялық институтын, ҚР Президенті жанындағы ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебін және «Әділет» құқық жоғары мектебін бітірген.

Мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі 25 жылдан асады.

1999 жылдан бастап мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органда жұмыс істейді. Орталық аппаратта және өңірлік департаменттерде үлкен тәжірибесі бар.

Агенттіктің заңнаманы сақтауды бақылау бойынша бөлімнің бас маманы, Астана қаласы бойынша басқарма бастығының орынбасары, мемлекеттік қызметті құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры, төрағаның орынбасары, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы департаментінің басшысы, мемлекеттік қызмет департаментінің директоры болып қызмет атқарған.

Аталған лауазымға тағайындалғанға дейін Әли Көмекбаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы болды.

Фото: gov.kz



Соңғы жаңалықтар