Астананың мектептері мен колледждерінде бір уақытта қазақ күйлері орындалды

None
Фото: gov.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін елорданың барлық білім беру ұйымында астана уақыты бойынша сағат 12:00-де «Күй күмбірі» атты домбырашылар челленджі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Акция Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылды. Мақсат - білім алушылардың рухани мәдениетін, эстетикалық, патриоттық рухын арттыру, елдің мәдени мұрасын сақтау, балалардың домбыра тарту өнерін насихаттау.

Челленджге қаланың 127 білім беру мекемесінен 3 мыңнан аса домбырашы қатысты. Олар Құрманғазының «Балбырауын» күйін тартты.


Соңғы жаңалықтар