Астананың медицина қызметкерлері БҰҰ арнайы медалімен марапатталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының медицина қызметкерлері Біріккен Ұлттар Ұйымының медалімен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Конституция күні қарсаңында №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының қызметкерлеріне Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы медалі табысталды. Сондай-ақ денсаулық сақтауға қосқан үлесі үшін «AMANAT» партиясының алғыс хаттарымен марапатталды.

«Ата заң – еліміздегі барлық құқықтық қатынасты реттейтін маңызды құжат. Елімізде 5 маусым күні референдум өткізіліп, заңның 33 бабына көптеген маңызды процестерді реттейтін 60-қа жуық түзету енгізілді. Конституция күні қарсаңында біз медицина саласының қызметкерлерін құттықтап, олардың еңбегін ерекше атап өткіміз келді», - деді «AMANAT» партиясы қалалық филиалының мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы Владимир Савкин.

Сонымен қатар «Мектепке жол» акциясы аясында аурухана қызметкерлерінің (дәрігерлер, медбикелер, санитарлар) оқушы балаларына арналған оқу құралдары бар сөмкелер тапсырылды. Олардың арасында көпбалалы отбасылар, жалғызбасты аналар, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған жанұялар бар. «Мереке» қоғамдық қоры даярлық сыныптан 11-сыныпқа дейінгі оқушылар үшін жалпы саны 82 сөмке дайындаған.



Фото : gov.kz




Соңғы жаңалықтар