Астананың маңайында жаңа зират ашылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласына баратын айналма жолдың солтүстік-шығыс жағында жаңа зиратты салу туралы шешім қабылданды. Себебі елорданың ішіндегі және сыртындағы зираттарда адам жерлейтін жер қалмаған, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Зираттың жалпы аумағы 460 гектарды құрайды. Жерлеу аумағы мұсылмандар, xристиандар, әскерилер және қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқандарға арналған бірнеше секторға бөлінген. Сондай-ақ Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткерлерге арналған орындар бар.

Жобаға сәйкес, жаңа зиратта мұсылмандар мен xристиандар үшін қаза болған адаммен қоштасу үйлері, әкімшілік-тұрмыстық және дінм рәсімдер өткізетін орындар, жерлеу рәсімдеріне қатысты керек-жарақтар, гүлдер павильондары, сондай-ақ арнайы қызмет көрсетуші теxникаларға арналған автотұрақтар болады.

Астана қалалық перспективті даму бөлімінің жетекшісі Александр Терещенконың айтуынша, жаңа зираттың құрылысы екі кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңде 79 мың орын жасақталады. Жалпы, жаңа зиратта 253 мың орын болады. Жобаның құны - 4 млрд. теңге.

Соңғы жаңалықтар