Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.17 EUR 429.11
RUB 5.88 CNY 56.48
Jańalyqtar

Астананың құрылысы қай бағытта салынады

2018 жылғы 7 желтоқсан 18:51 1131
Бөлісіңіз:
Астананың құрылысы қай бағытта салынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы бес жылда елоданың төрт ауданында құрылыс нысандарын көптеп салу жоспарланған, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Бердібек Сапарбаев: Елбасының еңбегін лайықты бағалау керек Біз астаналықтар болып қала береміз - Бақыт Сұлтанов

Қала әкімінің орынбасары Сергей Хорошунның айтуынша, алдымен Мыңжылдық аллеясының бойымен құрылыс қарқыны толастамайды. Оған Тәуелсіздік монументінен бастап Нұрлы жол вокзадына дейінгі территория кіреді.

"Ол жерде 15 мыңнан астам пәтер салынады. Қажетті көліктік-инженерлік инфрақұрылым да болады. Екінші аудан - Мәңгілік ел даңғылы. Оның бойымен құрылыс нысандарын көтеп салу жоспарланған. ЭКСПО көрмесіне жақын жерлер, сосын медициналық мекемелердің артындағы жерлер игеріледі. Үшіншіден, Тұран даңғылы бойында біраз жұмыстар бар. Хан-Шатырдың артындағы жерге де тұрғын үйлер салынады. Ал төртінші аудан - Тельман. Бас кезінде ол жерде 2 мың гектарда құрылыс нысандары болады деп жоспарлаған болатынбыз. Бірақ бертін келе, аталған жоспар қысқартылды. Жақын арада тек 200 гектарға ғана үйлер салынады. Қалғаны кейінге қалатын болды", - деді С.Хорошун Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Оның айтуынша, әрбір аудан бойынша су, энергия, жылу және кәріздік жүйелерді тарту мәселелері пысықталды. Алдағы уақытта газды жеткізу жайы да ескеріледі.

"Осы жұмыстың нәтижесінде кешенді жоспар қабылданды. Қыркүйек айында Үкімет арнайы қаулысымен аталған құжатты бекітті. Енді, осы жоспарға қарай барлық бюджеттік өтініштерімізді келтіретін боламыз", - деп атап көрсетті С.Хорошун.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Құрылыс,
Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
MURAǴAT