Астананың құрылысы Елбасының тарихи ерлігі саналады - Қасым-Жомарт Тоқаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың құрылысы Елбасының тарихи ерлігі саналады. Бұл туралы бүгін Республика Президенті өкілеттігін уақытша атқаруға кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Тұңғыш Президентінің арқасында «Болашақ» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Әлеуеті айрықша «Назарбаев» университеті құрылды. Барлық облыс орталықтарында зияткерлік мектептер ашылды. Еліміздің барлық өңірлерінде қазіргі заман талаптарына сай заманауи мектептер салынды. Мыңдаған азматтарымыз шетелде және ел ішінде сапалы жоғары білім алу мүмкіндігіне ие болды», -деді Қ.Тоқаев.

ҚР Президенті Елбасының арқасында елімізде денсаулық саласы да жоғары сапаға көтерілгенін атап өтті. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен іске асырылған «Мәдени мұра» бағдарламасы Қазақстан мәдениетінің даму қарқынына мықты серпін бергенін айтты. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Тамғалы ескеткіштері және басқа да тарихи нысандардың ЮНЕСКО дүниежүзілік мұраларының тізіміне енуі - халқымыз үшін ерекше маңызды оқиға болғанына назар аудартты.

«Жаңа елордамыздың бой көтеруінде Тұңғыш Президентіміздің рөлі айрықша зор. Астананың құрылысы Елбасының тарихи ерлігі саналады. Бас қаламыз Тәуелсіз еліміздің шынайы бет-бейнесіне, халқымыздың мақтанышына айналды. Елорда жаңа мемлекеттің идеологиясы ретінде киелі ұғымға ие болды. Ел астанасы шын мәнінде өткеннің құндылықтарын дәріптей отырып, күллі әлемге Қазақстанның жаңа бейнесін паш етті. Астана саммиттер және басқа да маңызды халықаралық кездесулер өтетін ірі орталыққа айналды», - деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар