Астананың құрылыс салынатын аумағы 10 мың гектарға оңтайландырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2030 жылға қарай елорданың тұрғыны шамамен 2 млн адамға жететін болады. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында әкімдікпен Астана қаласының 2019-2023 жылдарға арналған жинақы құрылысы жөніндегі кешенді жоспардың жобасы әзірленіп, Үкімет отырысының қарауына ұсынылып отыр. Жоба барлық мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген. Бұл елордамыздың дамуының барлық мәселелерін қамтитын құжат», - деп атап өтті құжатты таныстырған қала басшысы.

Оның айтуынша, қаланың игеру аумағының шекаралары 25 700 гектардан 15 400 гектарға дейін оңтайландырылды және 5 перспективалы құрылыс салу аймағы анықталды. Халықтың көші-қон және туу көрсеткіштерінің өсуі есебінен халық санының жыл сайын орташа есеппен 2,5 пайызға ұлғаюы күтіледі және 2030 жылға қарай шамамен 2 млн тұрғынға жетуі жоспарланған.

«Болжам бойынша экономика өсімінің жыл сайынғы қарқынының 4 пайыздан 6 пайызға дейін артуы есебінен 2023 жылға қарай елорданың жалпы өңірлік өнімі 70 пайызға ұлғайып, 10 трлн теңгеден асады. Бұдан басқа шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 216 мыңнан асып, 37 пайыздан астам өседі. Өңірлік жалпы өнімде шағын және орта бизнестің үлесі 2023 жылы 57 пайызға дейін артады», - деді Бақыт Сұлтанов.

Соңғы жаңалықтар