Астананың құқық қорғаушылары күшейтілген режімге көшеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана күні қарсаңында елорданың құқық қорғаушылары, сондай-ақ үш облыстың жеке құрамы күшейтілген режімге көшетін болады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаевтың айтуынша, 27 маусым мен 8 шілде аралығында астаналық гарнизон, сондай-ақ Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарының жеке құрамы күшейтілген режімге көшірілетін болады. «Ол күндері елорда аумағында қоғамдық тәртіпті полицияның күшейтілген жасақтары бақылайды. Ал мерекелік шаралар өтетін жерлерде тәулік бойы кезекшілік жүргізіледі», - деді А.Садубаев Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Оның айтуынша, жедел штабтар да құрылады. Ал қалалық, облыстық және аудандық бөлімшелерде қосымша жедел тергеу топтары жасақталады. Негізгі мақсат - қылмыстарға қатысты шұғыл әрекет жасау. «Жалпы, мереке күндері қоғамдық тәртіпті қорғау шараларына 3,5 мың полиция қызметкері атсалысады. Олардың ішінде 1,2 мың Ұлттық ұланның сарбазы бар. Бұдан бөлек, қосымша резерв жасақталады. Мемлекеттік маңызы бар нысандарды күзету шаралары күшейтіледі. «Бәйтеректі» де біз тәулік бойы күзетеміз. Астананың айналма жолдары да бақылауға алынады. Ол үшін қосымша бекеттер қойылады», - деп атап көрсетті А.Садубаев.

Соңғы жаңалықтар