Астананың колледждері студенттерін хостелге орналастырмақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Астананың колледждері студенттерін хостелге орналастырмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта Астана немесе Алматы қаласының оқу орындары егер студенттерді жатақхана орналастыруға өздерінің мүмкіншіліктері болмаса, онда бұл мәселені тұруға жарамды орын-жайларды жалға алу арқылы шешуде. Мәселен, Астана қаласында колледждерді жатақханамен қамтамасыз етуді елорданың қолданыстағы хостелдерін жалға алу арқылы шешпек. Яғни, бұл оқу орны мен жекешелік арасындағы өзара қарым-қатынас», - деді вице-министр.

Оның дерегінше, еліміздің басқа да өңірлері студенттерді жатақханамен қамтамасыз етуді орын-жайларды жалға алу арқылы шешуді көздеп отыр.  Сонымен қатар ол мемлекеттік тапсырыс арасында салынатын жатақханалардың жобаларына қатысты да деректермен бөлісті.

«Жоба бойынша ешкімге шектеу қоймаймыз. Бізде үлгілік үш жоспар бар. Оны  Құрылыс ісі жөніндегі комитет берген. Дегенмен, жоғары оқу орындары өздері шешеді. Бірақ, өздерінің қаржылық мүмкіншіліктерін білулері тиіс. Біз төсек-орын шығындарын өтеп беретін боламыз. Ал олар 20 жыл бойы белгілі бір контингенттің болатындығы және жатақхана  толық болуы тиістігін білулері қажет. Егер ол толық болмаса, онда оқу орны тәуекелге тап болады. Себебі мемлекет толмаған жатақхананы қаржыландырмайды», - деді Бибігүл Асылова.

Бұған дейін студенттерге жатақхана салу үшін жергілікті әкімдіктер 134 жер телімін бөлгенін және ақылы бөлім студенттері де жатақханаға орналаса алатындығын хабарлаған болатынбыз.

Фото: booking.traveltheworld.com.ua

Соңғы жаңалықтар