USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Астананың «Көк базарында» табылған бүлдіршіннің ата-анасы әлі іздестіріліп жатыр

2016 жылғы 17 қыркүйек 09:57
Бөлісіңіз:
Астананың «Көк базарында» табылған бүлдіршіннің ата-анасы әлі іздестіріліп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың «Көк базарында» 7 күн бұрын табылған бүлдіршіннің ата-анасы әлі іздестіріліп жатыр. Бұл туралы елордадағы Жасөспірімдерді бейімдеу орталығына хабарласқанымызда мекеме психологы Жанар Жұмажанова мәлім етті.

«Баланың жағдайы жақсы, қарыны тоқ. Дәрігерлер бүлдіршінді қарап, денсаулығынан кінәрат таппады, сап-сау. Мама, папа дегенге ғана тілі келеді. Өзін Алек деп атайды. Ұлтын дөп басып айту қиындай, аралас некеден туған балаға ұқсайды», - дейді Жанар Жұмажанова.

Бүлдіршінді 10 қыркүйек күні «Көк базарда» (Шанхай) жалғыз жүрген жерінен екі әйел адам тауып алған. Кейін оны елордадағы Балалар үйіне әкеліп тапсырған. Ондағылар Алматы ауданының ІІБ инспекторларын шақыртып, сақшылар баланы осында - Жасөспірімдерді бейімдеу орталығына жеткізген.

Баланың ата-анасы іздестіріліп жатыр. Бұған дейін әлеуметтік желілерде хабарлама таратылды. Әзірге еш нәтиже жоқ.

null


Ербол Жанат

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT