Астананың кейбір көшелері жарықсыз қалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Астана аймақтық электр желілік компаниясы» елорданың ішінара жарықсыз қалуына байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіде Астананың Байқоңыр ауданында электр жарығы өшіп қалғаны туралы мәліметтер мен суреттер тараған болатын. Бұл мәліметті қаланы электр қуатымен жабдықтауға жауапты компания растады.

«Астана» 110/10 кВ қосалқы стансасында электр қуатының ажырауы орын алды. Жұмысшылар ақаудың себебін анықтап жатыр», - делінген Астана аймақтық электр желілік компаниясының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Компания мәліметі бойынша, жарықтан ажыраған үйлердің кейбіріне қазірдің өзінде электр қуаты қайта қосыла бастаған.

Сондай-ақ жауапты мамандар ақаудың нақты себебін, анықтап, мәлімдеуге уәде беріп отыр.


Фото: t.me/astanovka98

Соңғы жаңалықтар