Астананың қай аудандары ең алдымен газбен қамтылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының әкімі Ә.Исекешев Астананың алдымен қай аудандары газбен қамтылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізде қазір газдандыру жұмыстары басталды. Газдандыруды ішкі желілерден бастаймыз. Алдымен қыстыгүні түтін көп басатын Көктал-1, Көктал-2 ,Оңтүстік-шығыс аудандарына жүргізуді қолға аламыз. Одан әрі 2 жыл көлемінде қаланың қалған бөлігі мен жеке тұрғын үй алаптары газбен қамтылады. Сонымен қатар, ЖЭО қазандарының жарты бөлігін газға көшіреміз. Сондықтан газ мәселесі бүгінде қалалық кеңес пен үйлестіру кеңесінде аптасына бірнеше рет көтерілетін сұрақтардың қатарында», - деді Астана әкімі.

Айта кетейік, бұрынырақта Астананы толық газдандыру жұмысы 2021 жылы аяқталатыны айтылған болатын. 

Соңғы жаңалықтар