Астананың іргесінде ЕҚЫҰ-ның құтқару операциясы өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы адамдарды құтқару бойынша арнайы оқу-жаттығу операциясын Қазақстанда өткізуді ұйғарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияровтың айтуынша, аталған шара 27 қыркүйекте Қосшы кентіде өтеді. Соның аясында қазақстандық құқық қорғаушылар құлдыққа түскен адамдарды құтқарады. «Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы аталған шараны бізде өткізуді ұйғарды. Ондай оқу-жаттығулар Қазақстанда алғаш рет өтеді. Оған кәсіби актерлар шақырылады. Олар сексуалдық және еңбек қарым-қатынастарының құлдығына түскен адамдарды рөлінде болады. Ал біздің құқық қорғаушыларымыз оларды «құтқарады». Сөйтіп, ондай шараларды өткізудің еуропалық стандарттарына үйренеді», - деді А.Смадияров журналистерге берген сұхбатында.

Айта кетейік, 2010 жылы Қазақстан посткеңестік елдердің ішінде бірінші болып   Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етті. Соның қорытындысы бойынша ЕҚЫҰ-ның Астана саммиті өткізілді. Оған 38 елдің президенттері мен үкімет басшылары келді.

Соңғы жаңалықтар