Астананың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі. «Астана және Елбасы» фотокөрмесі

None
None
bsp;АСТАНА. Шілденің 4-і. ҚазАқпарат - Бүгін елорданың «Бәйтерек» монументі жанындағы алаңында «Астана және Елбасы» атты фотокөрме ашылды, оны қалалық әкімдік пен мәдениет басқармасының қолдауымен Қазіргі заман өнері мұражайы ұйымдастырды.

Астана және Елбасы - олар бір-бірінен ажырағысыз Қазақстан символдарына айналды. Салыстырмалы түрде қысқа мерзімде Қазақстан тәуелсіз, егемен және серпінді дамып отырған мемлекет ретінде нығайды, ал Астана ел жүрегіне айналды.

«Астана - біздің Президентіміздің және бүкіл Қазақстанның бел баласы. Астана бүкіл әлемге экономиканың қиын жылдарында және қысқа мерзімде өзіне ғана сенетін күшті халық қана осындай елордасын сала алатынын көрсете білді. Сондықтан да, менің пікірімше, Астана - қазақстандықтардың қуатының символы», - деді фотокөрменің ашылуына қатысқан сенатор Светлана Жалмағанбетова.

«Болашаққа ұмтылған Астана біздің Президентіміздің ақыл-ойы мен арманының жемісі, оның күшті ерік-жігері мен ұйымдастыру талантының, осы жерді гүлденген аймаққа айналдыруға деген сүйіспеншілігінің арқасында салынды», деп қосты ол қала тұрғындары мен қонақтарын құттықтау сөзінде.

Расында да, фтосуреттерде бейнеленген қала шежіресі Астананың барлық жетістіктері ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясаты мен қолдауының арқасында мүмкін болғанын айғақтайды.

Көрме ұйымдастырушыларының пікірінше, Астана - Қазақстанның гүлденуіне жол ашты. 1999 жылы ЮНЕСКО шешімімен оған «Беййбітшілік қаласы» мәртебесі берілді.

Көрмеге елорданың дамуының тарихи кезеңдерін бейнелейтін 300-ге тарта фтотсуреттер қойылған.

Көрмеде 1910 жылғы Ақмоланың қара-ақ түсті суреттерімен қатар соңғы жылдардың көріністері - түрлі-түсті фотолар көрініс тапқан. Бұрынғы Ақмола қаласының тар көшелері, елорданы Алматыдан Астанаға көшіру, қаланың көрнекті орындары, қала қонақтары - әртүрлі елдер президенттерінің суреттері, мәдени және күнделікті тіршілігі тарихи кезеңдерден сыр шертеді.

«Астана және Елбасы» фотокөрмесі алғаш рет қала тұғындары мен қонақтары үшін үш мерекелік күнде «Бәйтерек» монументінің қасында ашық аспан астында жұмыс жасайтын болады.

Соңғы жаңалықтар