«Астананың» футболшысы Хорватияда жеңімпаз атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астананың» жартылай қорғаушысы Марин Томасов өз отаны Хорватияда футзалдан қайырымдылық турниріне қатысты, деп жазады prosports.

Сплитте өткен турнирдің финалында Томасовтың командасы 6:3 есебімен жеңіске жетті. Ал Томасов жарыста төрт гол соғып, турнирдің үздік сұрмергені атанды.

Айта кетейік, турнирге Роберт Просинечки, Стипе Плетикоса, Дарио Шимич, Дадо Пршо, Ивица Олич сынды атақты хорватиялық футболшылар қатысты.

ФОТО: kazfootball.kz

Соңғы жаңалықтар