Астананың Есіл ауданында он күнде 231 аузы ашық құдық анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Құдықтардың қақпағын ұрлау мәселесі елорданың барлық аудандарында әлі де өз өзектілігін жоғалтқан жоғалтқан жоқ, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

«Есіл ауданында 26 қараша мен 5 желтоқсан аралығында Астана әкімдігінің iKomek қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығына ашық қалған құдық туралы 216 шағым келіп түскен» делінген аудан әкімдігінің Фейсбуктегі ресми парақшасында.

Мәліметке сай, «Есіл» ауданы әкімінің аппаратында барлық шағымдар қаралып, өңделді. Одан басқа, аралау барысында тағы да 15 құдықтың жабылғаны анықталды.

Еске сала кетейік, сәрсенбіде Сарыарқа ауданының аумағын аралау барысында және байқампаз қалалықтардың арқасында 7 құдықтың ашық жатқаны анықталған болатын. Бүгін олардың бәрі де қайтадан жабылды.

Соңғы жаңалықтар