Астананың ең үздік әулеті, жас маманы және тәлімгері анықталады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының әкімдігі «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» идеясын ілгерілету мақсатында «Еңбек жолы» конкурсы басталғанын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Еңбек жолы» байқауында жеңімпаздар үш аталым бойынша анықталатын болады. Олар -  «Үздік еңбек әулеті». Яғни еңбек өтілі ең ұзақ және марапаттар саны ең көп әулет таңдалады. Екінші номинация - «Өндірістің үздік жас маманы». Жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор жастарға беріледі. Үшінші аталым - «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері». Яғни жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары еңбегімен көзге түскен тәлімгерлер таңдап алынатын болады.

Өтініштерді қабылдау 2018 жылдың 10 маусымынан бастап 2 шілдеге дейін жүреді.
 
Конкурс жөнінде толық ақпаратты Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасынан, Астана қаласының Кәсіподақ орталығынан, Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасынан білуге болады. 

 

 

Соңғы жаңалықтар