Астананың ең сұлу қыздары қарттар үйінде болып, үлкендердің батасын алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана аруы» байқауына қатысушы сұлулар қарттар үйінде болып, қариялардан бата алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жыл сайын «Астана аруы» және «Қазақстан аруы» байқауларының финалына шыққан бикештер қайырымдылық науқандарына қатысады. Финалға дайындықтың алғашқы күндері «Астана аруы» байқауына қатысушылар  «Шарапат» медицина-әлеуметтік мекемесін мекендеген ардагерлер мен қарт адамдардың қал-жағдайын сұрады.   
null 

Осыған орай аталмыш мекемеде қайырымдылық концерті өтті. Жас әртістер ән салып, би биледі. Ал «Астана аруы» байқауының қатысушылары ардагерлерге 5 плазмалық теледидарды тарту етті. Олар қариялармен әңгіме-дүкен құрып, батасын алды.

«Бүгін бізді Қазақстанның болашағы - кішкентай бүлдіршіндер мен жастар құттықтауға келді. Олар осы мемлекетте өмір сүріп жатқан ұрпақтың бойындағы рухты жалғастыруға тиіс. Сондықтан қонақтарға ризамыз», - дейді «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Кенжеболат Бапышев. 

Содан кейін сұлулар Астана қаласындағы арнайы түзету мектеп-интернатында қонақ болды. Бұл мектепте білім алу барысында ерекше қажеттілікке мұқтаж балалар оқиды. 
null 

Арулар мектеп-интернат тәрбиеленушілерімен танысып, әңгімелесті. Бірге билеп, сыйлықтарын тарту етті. Ал, балалар бойындағы бар өнерін паш етуге асықты. Олар ән салып, түрлі музыкалық аспаптарда ойнады, би биледі. Қолдан жасаған бұйымдарын көрсетті. «Астана аруы» байқауының финалға шыққан ең жас арулары - 16 жастағы Карина Қожағұлова мен Жанель Ташеваға балалар өз қолдарымен жасаған кәдесыйларын тарту етті.

Еске сала кетейік, 12 желтоқсан күні Астанада қыстың ең керемет байқауы - «Астана аруы 2018» өтеді. Ол елорданың 20 жылдық мерейтойына арналмақ.  
null

null  

 

Соңғы жаңалықтар