Астананың экономикалық индикаторы өсімнің оң динамикасын көрсетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың тұрғын үйлерді пайдалануға берудегі үлесінің көлемі 23% құрайды, бұл Қазақстандағы аймақтардың ішінде алда келе жатқанын білдіреді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бұл мәліметті астананың жарты жылдықтағы әлеуметтік-экономикалық қорытындысына арналған жиында Әсет Исекешев мәлімдеді.

«ЭКСПО объектілерін, көптеген ТК мен коммерциялық нысандарды тапсыруға қатысты өткен жыл айтарлықтай «қиын» болғанына қарамастан, адамдар үшін жайлы қала құруда астананың экономикалық саясаты жаппай кәсіпкерлік пен жекеменшік инвестицияны қолдауға бағытталды. Өсімнің жоғары базасына қарамастан, барлық экономикалық индикаторлар оң нәтиже көрсетті», - деді астана әкімі.  

 «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде Астана әкімдігі осы жылы 18,7 млрд теңге көлемінде меминвестиция аударды, оның ішінде тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру үшін 12,9 млрд теңге және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға 5,8 млрд теңге бөлді.

Өткен жылы тұрғын үй құрылысына жекеменшік инвестициядан 134,7 млрд теңге келіп түсті, ал жыл басынан 2018 жылы 88,7 млрд теңге (қаңтар-мамыр) болды. Осылайша, жекеменшік инвестиция бірнеше рет мемлекеттікінен асып түсті.

Жыл басынан астанада «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру шеңберінде Астана әкімдігінің тапсырысымен салынған 3 көпқабатты үйде мыңнан астам адам қоныс тойын тойлады. Жыл соңына дейін тағы да үш тұрғын үй кешені пайдалануға беріледі.

Сонымен бірге, «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде соңғы үш айда Астана қаласы әкімдігімен 720 адам жаңа пәтерге көшті, оның ішінде 410 адам - кезектегілер.

«Жыл соңында «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру есебінен жоспардағы көрсеткіштен шығамыз деп отырмыз», - деді Ә. Исекешев.

Осы жылы бірнеше ірі жобалардың құрылысы жоспарланып отыр: жаңа LRT транспорт жүйесі, нөсер кәріздік құрылысы, ТЭО-2, ТЭО-3 және басқа да объектілер. Жыл соңына дейін оң динамика беретін 470,5 млрд теңге сомасында жобаларды енгізу жоспарлануда. 

Соңғы жаңалықтар