Астананың екі ауданында электр қуаты өшірілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы екі ауданда электр қуаты өшірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сарыарқа ауданында үш сағат бұрын Суворов және Карталинская көшелерінде электр қуатының апатты жағдайда өшіп қалуы орын алды.

Қалалық «IKomek» қызметінің мәліметінше, қазір жарықсыз қалған көше тұрғындарына электр қуатын қосу жұмыстары жүргізілуде.

BI service мәліметінше, Есіл ауданындағы «Зеленый квартал» тұрғын үй кешенінде «Астана ӨЭК» компаниясы жүргізген жұмыстарға байланысты электр қуатын бірнеше мәрте өшірілген.

Соңғы жаңалықтар