Астананың Денсаулық басқармасы батуттан құлаған балалардың жағдайы туралы айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада дауылды жел салдарынан батуттан құлап, зардап шеккен балалар ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қалалық Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

«Балалар әртүрлі күндері шығарылды. Қазіргі таңда амбулаторлық деңгейде дәрігерлерге қаралып жүр», - деп мәлім етті қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Еске салайық, 4 мамыр күні «Жаннұр» сауда орталығының маңында балалар ойнап жүрген батутты қатты жел 20 метрге ұшырып кеткен болатын.

№2 қалалық ауруханаға әртүрлі дене жарақаттарымен бес бала жеткізіліп, төртеуі ауыр халде жансақтау бөліміне түсті.

 

Соңғы жаңалықтар