Астананың БҚО-дағы күндері: Елордалықтар ірі кәсіпорындармен танысты

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Елорданың 20 жылдығына орай Батыс Қазақстан облысына келген астаналық делегация өңірдегі ірі кәсіпорындардың тыныс-тіршілігімен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңіраралық ынтымақтастықты нығайта түсу мақсатында Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев бастаған делегация өңірдегі іргелі кәсіпорын «Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС-да болды. Кәсіпорын металл жабыны, профлист, сондай-ақ газ, су, кәрізге арналған диаметрі 20-дан 1600 миллиметрге дейінгі полиэтилен, полипропилен құбырларын шығарады. Неміс жабдығымен жұмыс жасайтын компания, әсіресе, Қазақстанда алғашқы болып диаметрі 1600 мм полиэтилен құбырларын шығарды.

nullАстаналық меймандар сондай-ақ «Стекло Сервис» ЖШС-ның цехтарын да аралап көрді. Мұнда да жетекші әлемдік өндірушілерден алынған жабдықтар орнатылған. Сондықтан өнімдер сапалылығымен, беріктігімен ерекшеленеді. Соның біреуін Е.Аманшаев сынап көріп, үстіне тұрғанда, әйнек шытынаған да жоқ. Қазіргі кезде кәсіпорынның Ақтөбе, Атырау, Орынбор, Самара қалаларында филиалдары, ал Астанада өкілдігі бар. «Стекло Сервис» ЖШС өз өнімдерін Қазақстан өңірлерімен қатар Ресейдің бірқатар ірі қалаларына да шығарады. Атап айтқанда, өнімнің 31 пайызға жуығы Ресейге жөнелтіледі.

Астана қаласы инвестициялар және даму басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Бекмұрзаев өздері болған оралдық кәсіпорындардың бәрі де қазіргі заманғы талаптарға сай келетінін жеткізді. Олардың бірқатары Астана құрылысына, соның ішінде «ЭКСПО-2017» қалашығын тұрғызуға қатысқаны белгілі.

Еске сала кетейік, елорданың 20 жылдығына арналған Астана қаласының Батыс Қазақстан облысындағы күндері ертең мәреге жетеді.

Соңғы жаңалықтар