Астананың бірқатар аудандарында екі күн бойы ыстық су беру тоқтатылады

None
None
АСТАНА. 9 шілде. ҚазАқпарат - Елорданың бірқатар аудандарында екі күн бойы, яғни 9-10 шілдеде ыстық сумен қамту тоқтатылады.

Бұл туралы astana.kz сайты хабарлайды.

«Астана-Жылутранзит» АҚ баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, ыстық судың уақытша тоқтатылуы қысқа әзірлік пен жылу магистральдарындағы тығыздықты тексеруге байланысты болуда. Жұмыс 9 және 10 шілде күндері жүргізіледі. Осыған орай, ыстық су Қажымұқан көшесі, М.Жұмабаев, Абылайхан, Б.Момышұлы даңғылдары, Жирентаев, Петров, Күйші Дина, Махтұмқұлы, Манас, Рысқұлбеков, Мұстафин, Құдайбердіұлы, Мүсірепов, Майлин көшелерінде берілмейді.

«Кәсіпорындар мен ұйымдар басшылары, Пәтер иелері кооперативтері және өңірлік кәсіпорын төрағалары ұйғарымға сәйкес ыстық су жүйесін желіден ағытып, аталған кезеңде кезекшілік ұйымдастыруы қажет. Жылу желісіндегі барлық жұмыстар тоқтатылуы керек», деп ескертеді компания.

Соңғы жаңалықтар