Астананың бас полицейі күмәнді тұлғалар туралы хабарлауды сұрады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарынан күдікті тұлғалар жөнінде хабарлап отыру сұралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

«Құқықтық тәртіп» операциясы аясында елорда полицейлері аулалар мен үйлерді аралауда.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қалада ахуал тұрақты, барлығы бақылауда.

Бұл ретте, елордада коменданттық сағат жалғасуда. Төтенше жағдай режимінің талабын бұзғаны үшін 22 адам жауапкершілікке тартылды. Мас күйде рульге отырған 2 жүргізуші арнайы қабылдау орнына жеткізілді.

Соңғы 3 тәулікте 45 қылмыс тіркелді. Әкімшілік құқықбұзушылықтар саны 2 мыңнан асқан. Төтенше жағдай режимі енгізілгелі 102 номеріне қоңыраулар екі есеге артқан. Департамент есебінше, олардың саны 9 мыңнан асады. Халық негізінен, Нұр-Сұлтанға кіріп-шығу тәртібі, Халыққа қызмет көрсету орталықтарының, банктер мен сауда орталықтарының жұмысы туралы сұрақтар қоюда.

«Егер сіздерге күмән тудыратын тұлғалар туралы фактілер белгілі болса, полицейлерге хабарлаңыз. Коменданттық сағат жалғасуда. Үйде қалуды өтінеміз. Қала умағынан қажет болмаған жағдайда шықпауды және балаларыңыздың орналасқан жерін бақылауда ұстауды сұраймыз. Мұның барлығы сіздің қауіпсіздігіңіз бен тәртіптің сақталуы үшін жасалуда», - деді Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің бастығы Ержан Сәденов.


Соңғы жаңалықтар