Астананың ажарын қазақтың ұлы тұлғалары бейнеленген билбордтар айшықтайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының көшелеріне қазақтың даңқты тұлғалары бейнеленген ірі билбордтар орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы қалалық Сарыарқа ауданы әкімдігінің Фейсбуктегі парақшасында жарияланды.

Қазақ елінің даңқты қолбасшысы Бөгенбай батырдың суреті мен қысқаша мәліметі көрсетілген билборд «Шапағат» базарының жанында, батырдың есімі берілген көшеде пайда болды. Абай және Желтоқсан көшелерінің қиылысында ұлы ақын, жазушы Абай Құнанбаев туралы билборд орнатылса, ал көрнекті қоғам қайраткері, жазушы Сәкен Сейфуллиннің мәліметтері Сарыарқа даңғылы мен Сейфуллин көшесі қиылысындағы билбордта көрсетілген. Даңқты ұшқыш Талғат Бигелдиновқа арналған билборд ұшқыштың есімі берілген көшенің Сарыарқа даңғылына қарай бөлігінде орнатылған.

1 2 3 

Соңғы жаңалықтар