Астананың атауын өзгерту туралы мәселе Парламентте қаралады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан елордасына ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының есімін беру тақырыбы талқыланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Конституциясына сәйкес, Үкімет Ата Заңымызға Астананың атауын өзгерту туралы түзету енгізу үшін Республикалық референдум өткізу жөнінде ҚР Президентіне ұсыныс жасады. Президент бұл ұсынысты референдумға шығармай, Парламенттің қарауына жіберу туралы шешім қабылдады. Бұл мәселе бойынша Конституциялық Кеңес өзінің оң қорытындысын да берді», - деді Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Президент міндетін уақытша атқаруға кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының атауын Нұрсұлтан деп өзгерту туралы ұсыныс жасады.

Соңғы жаңалықтар