Астананың Арқаға көшуі туралы тұңғыш драманың тұсауы кесілді

АСТАНА. ҚазАқпарат -«Астана» публицистикалық драмасы Қожамияров атындағы Мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық театры сахналады, деп хабарлайды Хабар 24.
Қойылымда астананы Алатау бөктерінен Арқа төсіне көшіруде Елбасының қандай табандылық танытқаны бейнеленеді. Әу баста Президент ұсынысы көпшіліктен қолдау таппаған. Оның жүзеге асуына Нұрсұлтан Назарбаевтың қайсарлығы мен көрегендігі тікелей себеп болғаны баршаға аян. Қойылым Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған. Оның сценарийі Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы» кітабының негізінде жазылыпты.
Айта кетейік, Елбасының кемеңгерлік келбеті қазақ театрының сахнасында тұңғыш рет сомдалды.
«Астананы Алматыдан Астанаға көшіру қиын болған. Қарсылық көп болған. Барлығы сенбеген деп айтқан. Бірақ біз өзіміз білмейміз ғой қалай болғанын. Соны біз қарап 1994 жылдың 6 маусымы мен 6 шілдесі аралығын алдық. Сонда болған оқиғаға депутаттар қарсы шыққан. Сол қарсылықтардың барлығын осы спектакльде көрсетеміз. Басты рөлде - бір адам. Ол - президенттің рөлі. Қалғандарының фамилиясы жоқ. Солай жасағанбыз. Қалғандары жазушы, актриса, студент, депутат - осылай жүреді»,- Қ.Қожамияров атындағы Мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрының көркемдік жетекшісі Мұрат Ахмадиев.
- Димаш Құдайберген Ресейде «Жылдың ең үздік әншісі» атанды
- Маңғыстауда 160 жасөспірім қыз жүкті болып қалған
- Маңғыстаудағы шағын қалашықта кинотеатр ашылады
- Елордада қамқорсыз қалған балаларды қолдауға арналған «Таңғажайып әуен» фестивалі өтті
-
Бердібек Сапарбаев «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында азаматтарды қабылдады
-
Астанада тәуелсіздік күніне орай 4 күн бойы азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам