Астананың ақылы тұрақтарында негізсіз төлем алынған

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астананың ақылы тұрақтарында негізсіз төлем алынған. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әрбір өңірдегі қызметіміздің маңызды бағыты – бұл ақылы автомобиль тұрақтары. Биыл өңірлерде, оның ішінде «Астана тұрақ кеңістігі» ЖШС-не мониторинг жасадық. Азаматтық қоғам мен Астана қаласының атқарушы органдарымен бірге жүргізілген мониторинг нәтижесінде қолданыстағы заңнамаға сай келмейтін және азаматтардың шектеусіз тобының құқығын бұзатын сәттер анықталды. Төлем негізсі алынған және дер уақытында тұрақ ақысын төлемеген азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылған», - деді Саян Ахметжанов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

Оның атап өтуінше, агенттіктің ұсынысы негізінде және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің қолдауымен тұраққа төлем жасамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті алып тастау мәселесі қарастырылып жатыр.


Соңғы жаңалықтар