«Астананың» ақшасы жетерлік: Киевтік «Динамо» қарсыласын зерттеуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Киевтік «Динамоның» ресми сайтында клубтың Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы қарсыласы - «Астана» клубы таныстырылған бейнеролик жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «SPORTINFORM» САА-ға сілтеме жасап.

Видеода «Футбол» журналы бас редакторының орынбасары Андрей Шахов «Астана» төртінші жыл қатарынан еурокубоктардың топтық кезеңдерінде ойын көрсетіп жүргенін және ол өжет футболшылардан құралғанын атап өтеді. Сондай-ақ ол «Астананың» ақшасы көптігін айтады.

«Динамо» - «Астана» арасындағы ЕЛ топтық кезеңінің матчы 20 қыркүйек күні Киев қаласында өтеді. Басталуы Астана уақытымен сағат 22:55-те.

Соңғы жаңалықтар