Астананың 65 мектебі ағылшын тілінде білім береді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы оқу жылы Астананың 65 мектебінің оқушылары ағылшын тілінде білім алады, 11 мектебіндегі кей пәндер ағылшын тілінде оқытылады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Астана қаласының білім басқармасына сілтеме жасап.

Айта кетейік, ҚР Білім және ғылым министрі жаңа оқу жылында ағылшын тілінде білім алатын эксперименттік сыныптардың ашылатынын хабарлаған еді.

«Биылғы оқу жылында Астананың 65 мектебі ағылшын тілінде білім алады, 11 мектебіндегі кей пәндер (химия, биология, информатика, физика. Білім инновация лицейлерінде осы пәндерге қосымша - математика мен география оқытылады) ағылшын тілінде өтеді. Ал қалған 54 мектепте - таңдау бойынша пәндер қосымша сабақтар негізінде өткізіледі», - деп жауап берді Астана қалалық білім басқармасы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісінің сауалына.

Білім басқармасының хабарлауынша, Астанада ағылшын тілінде сабақ беретін мұғалімдер тапшылығы байқалмайды. Өткен оқу жылында 280 маман курстардан өтті. Осы жылы тағы 290 маманды даярлау жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, елордалық білім басқармасы берген деректерге сәйкес, 2016-2017 оқу жылында Астана мектептерінде 76 257 бала - қазақ тілінде, 53 603 бала - орыс тілінде және 682 бала - ағылшын тілінде оқытылған.

Соңғы жаңалықтар