Астананың 25 жылдығына орай жүлде қоры қомақты жыр додасы өтеді

None
АСТАНА. ҰазАқпарат – Астана қаласының 25 жылдық мерекесіне орай «Жасай бер, жайнай бер, Астана» атты республикалық жыр мүшайрасы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шараны «Тарихи мәдени мұраны сақтау және пайдалану орталығы» ұйымдастырып отыр.

«Астанамыздың 25 жылдық тойына арналып жариялап отырған биылғы мүшайраның мәні, тіпті ерекше. Астананы жырлау – азаттықты жырлау, тарихымызды жырлау, ұлт болашағын жырлау, тәуелсіздік жолында құрбан болған ерлер рухын жырлау деп білгеніміз жөн. Сондықтан да биылғы мүшайраның тақырып аясы барынша кең. Жүлде қоры да өте қомақты. Әділетті Қазақстан құруға бет бұрып отырған тарихи кезеңде ақындарды осы дүбірлі жыр бәйгесіне қатысуға шақырамыз», - делінген ұйымдастырушылар таратқан хабарламада.

Жыр додасында топ жарған жүлдегерлерге төмендегідей қаржылай сыйақылар беріледі:

Бас жүлде – 3 300 000.

Бірінші орын – 2 200 000.

Екінші орын екеу – 1 100 000.

Үшінші орын үшеу – 660 000.

Ынталандыру сыйлығы бесеу – 330 000.

Мүшәйраға еш жерде жарық көрмеген өлеңдер, толғаулар қатыса алады. Үміткер шығармалар 2023 жылғы 15 маусымға дейін қабылданады. Мүшәйра қорытындысы Астана күні қарсаңында жарияланып, марапаттау рәсімі 30 маусым күні Астана қаласының «Жастар театрында» өтеді.

«Үміткерлер шығармасын компьютерде теріп, төмендегі мекен-жайға жіберу керек. Немесе электрондық поштаға жолдауға болады. [email protected], Астана қаласы, «Тарихи мәдени мұраны сақтау және пайдалану орталығы». Отырар көшесі 1/2 үй. ИНДЕКС: 010000, Автордың аты-жөні, мекен-жайы, байланыс телефоны, электрондық поштасы міндетті түрде көрсетілуі керек», делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар