Астананың 20 жылдық мерейтойы Ұланбатырда аталып өтті - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА назарларыңызға әдеттегідей шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

 Фарфорға сурет салу өнері - Тянь-Шань порталы

«Фарфорға өрнек салудың шебері атанған Яң Иүйхұйдың туындылары көрген адамды таңғалдырмай қоймайды» деп жазады kazakh.ts.cn.

«80-ші жылдардан кейінгі» деген атпен фарфорға сурет салатын шебер  Яң Иүйхұй Шандұң қаласының тумасы екен. Ол кішкентайынан суретші болуға қатты құмартады. 2005 жылы колледжге оқуға түскен өнерпаз сол жылдан бастап фарфорға сурет салуға бет бұрады. Оқу тауысқан соң суретші Яң Шыжияжуаңдағы мәдениет орталығына жұмысқа тұрады. Бүгінде суретші көркем өнердің өзі қызыққан осы бағыты бойынша тынымсыз жаңалық жасауда екен. Әсіресе соңғы жылдары  шебердің өз қолынан «Алтын балық» деп аталатын фарфорға салған туындылары көпшіліктің ерекше ықыласына бөленіп келе жатқаны туралы жазады Тянь-Шань порталы.

null null null   

Дронды пайдалану қала басқару өресін жоғарылатты - «Жэньминь жибао» (People Daily)

Қала басқару өресін жоғарылату үшін 2018 жылдың мамыр айында Қытайдың Жилин өлкесі Чаңчүн қаласы Чаояң ауданы қала тазалығын бақылау мекемесі цифрлы басқару жолы  дронмен бақылау тобын құрды. Қазір бұл топ жерде жүріп тексерудің орнына уақыт ұтып, жаңа техниканың пайдасын көруде. Бұл туралы осы аптада «Жэньминь жибао» ақпараттық порталы хабарлаған болатын.    

«Қазір озық үлгідегі 5 дронды қолданып отырған бұл топтың мүшелері кәсіптік курстен өтіп, шеберліктерін шыңдаған. Соның арқасында дронды тиімді пайдалану куәлігін алған. Бұрын бір күн уақыт жұмсайтын жұмысты қазір бар-жоғы 2ـ3 сағатта бітіруге болады. Сөйтіп қызмет өнімділігі жоғарылады», - деп түйіндейді People Daily.


null null 

Түркиядағы фестивальдар кереметі - TRT

Түркия Теле-радио порталы осы аптада «Түркиядағы фестивальдар кереметі» атты тақырыппен ақпарат таратты. Бұндай сөзді Түркияға іс-сапармен келген Еуропа фестивальдар одағы басқару алқасының  төрағасы Jan Briers мырза айтқан екен. Briers «Түрік фестивалының барша әлемнің көркемөнеріне ашық болуына ризамын» деді деп жазды trt.net.

Еуропа фестивальдар одағы басқару алқасының төрағасы Jan Briers Түркияда ұйымдастырылған халықаралық фестивальдардың барша әлемнің көркемөнеріне және түрлі мәдениеттерге ашық болғанына риза екенін айтты. 32-ші Халықаралық Измир фестивалі және Еуропа фестивальдар одағы басқару алқасы жиналысы үшін Измирге келген Jan Briers мәлімдеме жасаған.

«Ыстанбұл, Анкара, Измир, Анталия және Мерсин секілді қалалардың халықаралық деңгейде үлкен фестивальдарға үй иелігін жасағанын меңзеген Briers «Түрік фестивалының барша әлемнің көркемөнеріне ашық болуына ризамын. Керемет мықты өнерпаздармен сапалы фестиваль өткізілуде. Еуропа фестивальдары үшін де осыны қалаймын. Әр жердегі көркемөнерге ашық болуы өте жақсы. Бұны Измирдегі, Ыстанбұлдағы және Анкарадағы басқа фестивальдарда байқаудамыз» деген деп жазды trt.net.


 null 

Астананың 20 жылдық мерейтойы Ұлан-Батырда аталып өтті - KAZNEWS

27 маусымда Ұланбатырда Қазақстан Елшілігі Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай ресми қабылдау өткізді. Бұл туралы осы аптада моңғолиялық kaznews.mn ақпараттық порталы хабарлады.

Моңғолиялық тараптан құрметті қонақ ретінде Ұланбатыр қаласының мэрі С.Батболд Астананың қазіргі даму деңгейіне жоғары баға беретінін жеткізген. Ол айтулы мерекеге орай Астана қаласының әкімі Ә.Исекешовке арналған құттықтауын қатысушылар алдында салтанатты түрде Қазақстан Елшісі Қалыбек Қобландинге табыс етті.

Сонымен қатар шараға Моңғолияның бірінші Президенті П.Очирбат, Парламент депутаттары Н.Оюндарь, Д.Мурат, Моңғолия Ғылым Академиясының Президенті Д.Рэгдэл, Моңғолияның қауіпсіздік кеңесі жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры Б.Энхбайгал, Моңғолия СІМ департаменттерінің директорлары, дипломатиялық корпус пен Моңғолияның бұрынғы елшілері, белгілі қазақ қандастар және басқа да меморгандар мен ұйымдар өкілдері қатысқан.

Шара барысында сөйлеген сөзінде Ұланбатыр қаласының мэрі С.Батболд Астана қаласының мерейтойымен құттықтай келе, моңғолиялық тарап екі елдің бас қалалары арасындағы байланыстарды дамытуға мүдделі екенін мәлім еткен.

«Қабылдау барысында келуші қонақтарға арналған дәстүрлі ұлттық тағамдардан тұратын қазақстандық бұрыш және «Астанаға 20 жыл» атты фотокөрме, сондай-ақ елорданың қазіргі келбетін бейнелейтін арнайы видеосюжет көрермендердің назарына ұсынылды», - деп түйіндейді моңғолиялық ақпарат көзі.


null null null 

Төр жайлауға сапар - «Жэньминь жибао» (People Daily)

Шынжаңның Тарбағатай аймағы Шағантоғай ауданында жергілікті өңірге тамаша табиғатымен әйгілі Барлық деген тау бар. Аталған таудың солтүстік беткейінің суы мол, шөбі шүйгін, шұрайлы жайлау болып есептеледі. Әр жылы маусым айының соңғы жартысында орта жайлаудан көшкен малшылар төр жайлау ретінде осында келіп, қыркүйек айына дейін жайлап отырады. Малшылар үшін Барлықтың сай-саласы мал мен жанның тіршілік көзі іспетті.

«Соңғы жылдары Шағантоғай ауданы жайылым мен малдың тепе-теңдігін сақтау үшін жайылымды тыңайтудың түрлі шараларын қолданып, жайлау экологиясын қорғауда. Сонымен қатар, жергілікті әкімшілік малшылық районында жол жөндеп, экологиялық туризмді дамытып, малшылардың өндіріс-тұрмыс жағдайын жақсартуға күш салып келеді», - деп  жазады «Жэньминь жибао» ақпараттық порталы.


null null null null 

Бішкектегі түрік фильмдері апталығы - TRT

Түркиялық trt.net.tr ақпараттық порталының мәліметіне сүйенсек,  Қырғызстанның бас қаласы Бішкекте Түрік фильмдері апталығы басталған.

Түрік фильмдері апталығы түрік әлемінің ұлы қаламгері Шыңғыс Айтматовтың шығармасының желісімен түсірілген түрік фильмімен ашылды. Апталық барысында түрік фильмдері 30 маусымға дейін тегін көрсетіледі.

null 

Соңғы жаңалықтар