Астананың 20 жылдығына орай қазақстандықтар үшін бейнеқұттықтау байқауы жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан жастары үшін Астананың 20 жылдығына арналған бейнеқұттықтау байқауы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ұйымдастырушыларға сілтеме жасап.

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаменті «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының өкілдерімен бірлесіп, Астананың 20 жылдығына арнап, жастардың үздік құттықтаулары үшін респбуликалық конкурс жариялады.

Конкурс екі тақырып бойынша өтеді. Бірінші тақырып - «Астана - бейбітшілік пен жасампаздықтың ордасы!»/ «Астана - город мира и созидания» (Мемлекет басшысының ел ішінде және одан сырт аймақта бейбітшілік пен келісімді нығайтуға бағытталған жаһандық сыртқы саяси және ішкі саяси бастамаларын насихаттауға бағытталған бейнероликтер).

Екіншісі тақырып - «Астана - жастар қаласы!»/ «Астана - город молодежи!» (Қазақстан жастарының жетістіктерін насихатауға бағытталған бейнеролик).

Конкурстың жүлде қоры 700 мың теңгені құрайды. Екі тақырып бойынша бірінші орынға берілетін жүлде 150 мың теңгені құрайды, сондай-ақ екінші орындардың жүлдесі 120 мың теңге, үшінші орындардікі 80 мың теңге болады.

Бейнематериалдың ұзақтығы 30 секундтан 2 минутқа дейін болуы керек. Байқауға қатысушылар өздерінің жеке және ұжымдасып атқарған жұмыстарын жібере алады. Әрбір қатысушы 1 ғана жұмыс жіберуге құқылы.

Конкурсқа 14-тен 29-ға дейінгі жас аралығындағы жастар қатысады.

Конкурсқа қатысуға өтініш 2018 жылдың 22 маусымынан 3 шілдесіне дейін қабылданады. 5 шілдеде конкурс жеңімпаздары марапатталады. Конкурсқа қатысу үшін ұйымдастыру комитетінің mailto:[email protected] электронды мекенжайына креативті құттықтау жолдау қажет.

Соңғы жаңалықтар