Астананың 20 жылдығына орай Атырауда салтанатты жиын өтті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау қаласының Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында Астананың 20 жылдығына орай салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жиналған қауымды облыс әкімі Нұрлан Ноғаев  Астананың 20 жылдығымен салтанатты жағдайда құттықтады. 

«Астана - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясынан бастау алған тәуелсіздіктің теңдессіз туындысы. Бүгінде бас қала тұрғындарының саны 1 миллион 200 мыңға жетті. Әлемдік деңгейдегі озық үлгіге құрылған сәулет ғимараттары Астананың көркін арттыруда», - деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ, еліміздің бас қаласын Алматыдан Сарыарқа төсіне ауыстыру туралы тарихи шешімнің сындарлы кезеңде қабылданғанына тоқталған аймақ басшысы Елорданың бүгінде халықаралық маңызы бар саяси, экономикалық орталыққа айналғанын атап өтті.

Салтанатты жиын барысында еліміздің қоғамдық-саяси, әлеуметтік, мәдени тұрғыда дамуына үлес қосып жүрген бір топ азамат «Астана 20 жыл» мерекелік медалімен, «Нұр Отан» партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен, «Құрмет» грамотасымен марапатталды.

Салтанатты шара соңы мерекелік концертке ұласты.

Соңғы жаңалықтар