• «Астана-Арена»: Футбол, табиғи көгал, мундиаль...
      АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Әлем чемпионаты Қазақстанға жақын Самара, Екатеринбург, Волгоград сияқты қалаларда өтіп жатқанда миллиондаған жанкүйерлердің сүйікті мундиаліне бір табан жақындап қалған сияқтымыз. FIFA-ның Бәйтерекке ұқсас кубогы өз елімізде ойнатылса екен деген арман да жоқ емес. Әрине, ұлттық құраманың дайындығы, ал, ең бастысы, қажетті инфрақұрылым болмаса, әлемдік доданы өткізе алмайтынымыз белгілі. Дегенмен, инфрақұрылым жағынан тәжірибеміз бар. Соның бір дәлелі - «Астана-Арена». Осы уақытқа дейін аталған стадионда талай танымал футболшылар ойнап кетті. Сол кезде отыз мың орны бар спорт кешені xалыққа лық толды. Ал жанкүйерлердің қолдауы, эмоциясы мен жеңіске деген жігері қазіргі мундиальден ешбір кем болмады. ҚазАқпарат тілшісі Қазақстанда ғана емес, Орталық Азия бойынша бірегей нысанның құрылысына шолу жасап, осы жерде өткен тариxи матчтарды еске алды.
    19.06.2018 11:46
  • ары қарай