Астананың 20 жылдығы: Жетісулық альпинистер жеті шыңды бағындырды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Астана қаласының 20 жылдығына орай жетісулық альпинистер 7 шыңды бағындырды. Таулардың биіктіктерінің қосындысы 20 мың метр болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жетісу» географиялық қауымдастығының мүшелері жаз айларында Алматы облысы аумағындағы тауларға көтеріліп, жетістіктерін Астананың мерейтойына арнады. Ең биік шың 7 мың метрлік Хан Тәңірі болса, ең аласасы 1500 метрлік Текелі тауы. Сондай-ақ альпинистер Лабасы, Фурманов, Панорама, Башута және Турист сынды шыңдарға шығып қайтты.

Қауымдастық жетекшісі Әнуар Демегеновтың айтуынша, шыңдарды бағындырудағы басты мақсат тау туризмін дамыту. Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастырып, альпинизмге қызығушылықтарын ояту. Сондай-ақ өңірдің географиясын, тарихын, этнографиясын зерттеп, қоржынымызды тың ақпараттармен толықтыру.

Әнуар Демегеновтың айтуынша, қазіргі таңда «Жетісу» географиялық қауымдастық құрамына 12 адам ғана мүше. Алдағы уақытта қауымдастық құрамын ұлғайтып, келесі жылы жаңа бағыттар ашып, жаңа белестерді бағындырмақ.

Соңғы жаңалықтар