Астананы тұрғызып, елордаға айналдырған Елбасының өзі емес пе - Несіпбек Дәутай

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жазушы Несіпбек Дәутай Астана қаласы атауының Нұр-Сұлтан болып өзгеруіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нұрсұлтан Әбішұлы - Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап Қазақстан халқымен бірге жасасып, елі үшін тынбай жұмыс істеп келе жатқан көрнекті тұлға. Бұл бір. Екіншіден, Астана қаласын тұрғызып, Елордаға айналдырған да өзі емес пе?! Ендеше, Елордаға «Нұр-Сұлтан» деген атау бергенде тұрған не бар?! Астанамыз қазақтың маңдайына біткен тұлғаның есімімен аталғаны құптарлық іс», - дейді Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.

Жазушының айтуынша, бұл тарихи шешімнің жаңа президенттің ұсынысымен қабылданғанына барлығы куә.

«Ел тізгінін ұстап отырған азаматтар осындай қарарға келсе, халық боп қолдайтын жөніміз бар. Бұл шешімді жағымпаздыққа балап жатқандар да бар. Көзіміз шалды. Жаппай халықты бұл үшін күстаналаудың да қажеті жоқ. Саяси сауаты толық жетілмеген қарапайым халықты арандатуға құмар топтар болады. Халыққа сіз болып, біз болып ұғындыруымыз ләзім. Бұл тарих өзі жолымен, жоралғысымен шығарған шешім. «Нұр» сөзі де, «сұлтан» сөзі де сакральдық мәнге ие. «Нұр-Сұлтан» қаласы деп атау байтақ еліміздің астанасына жарасып-ақ тұр. Мен бәріңізді осы шешімді қолдап, ұлт болып ұйысу жолындағы тұтас идеяға қызмет етуге шақырамын», - деп атап өтті Несіпбек Дәутай.

Соңғы жаңалықтар