Астананы тұрғызуда Елбасының еңбегі ерен - балық кәсіпорнының жұмысшылары

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Шардара ауданындағы «Хамит» балық кәсіпорнының жұмысшылары елорда атауының өзгеруін қолдайтынын жеткізді. Олардың пікірінше, Сарыарқа төріндегі алып шаһардың күллі Алаштың орталығына айналуында Елбасының еңбегі орасан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шардаралық кәсіпорын жұмысшыларының айтуынша, Қазақстанның әлемдік аренадағы беделі күн санап артып келеді.

«Елорда заманауи мегаполис ретінде дамып, әлем таныған қалаға айналды. Ал бұл шаһарды тұрғызуда Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі ерен. Сондықтан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың елорданың атын Нұр-Сұлтан деп өзгерту туралы бастамасын қолдаймыз»,- дейді «Хамит» өндірістік кооперативінің жұмысшылары.



Бүгінде Шардара ауданындағы кооперативтің өнімдері отандық нарықта лайықты орнын тауып отыр. Кәсіпорын шығарған өнімдер Қазақстан ішінде сатылып қана қоймай, шетелге экспортталуда. Оған мүмкіндік те мол. Себебі халықаралық деңгейде Қазақстанның беделі жоғары.



«Бүгінде еліміздің дипломатиялық және экономикалық байланысы дұрыс жолға қойылған. Бұл ретте, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі зор. Сондықтан отандық кәсіпкерлерге қолдауын аямаған қайраткердің есімі ұлықталуы тиіс деп есептейміз және елорданың атын Нұр-Сұлтан деп өзгерту туралы бастаманы қолдаймыз»,- дейді еңбекқор ұжым.

Соңғы жаңалықтар