Астананы тұмшалаған қою түтін неден пайда болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қала билігі атмосфераға шығарылатын зиянды қалдықтарды азайту үшін кешенді шаралар қабылдайды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы қала аспанындағы қою түтіннің пайда болу себебін түсіндірді.

«Осы күндері Астана аспанында қою түтін тұр, оның себебі ауа райының қолайсыздығы (желсіз тұман) және жер үйлердің үйді жылыту үшін көмірді жағуы» деп хабарлады қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы.

Сонымен қатар, Астана қаласының атмосфералық ауасын ластаудың негізгі көздері 1, 2-ші ЖЭО және автономды қазандықтар ластаушы заттардың жалпы шығарындыларының 95,5% астамын құрап отыр.

Қаланың ауа кеңістігін жақсарту мақсатында бірқатар жүйелі жұмыстар атқарылған: коммуналдық шаруашылықтардың 854 техникасы газға ауыстырылған, өз көліктеріне газ орнатуға 14 мыңнан астам заңды және жеке тұлғаға рұқсат берілген.

Астана әкімдігіне қызмет көрсететін 500 таксиді газға көшіру бойынша меморандумға қол қойылды.

Сонымен қатар, қала әкімінің тапсырмасы бойынша «Астана қаласының 2018-2020 жылдарға арналған қоршаған ортаны сауықтыру бойынша кешенді іс-шаралар жоспары» жасалып бекітіліп, «Астана қаласында газ тарату желілерінің құрылысы және тұрғын алаптары мен жеке секторды табиғи газга ауыстыру бойынша жол картасы» әзірленген.
null 

Газдандыру  станциясы іске қосылды. Оған «Назарбаев Университеті», Ғарыш орталығы академиясы, Қорғаныс министрлігі қосылған. Бұдан бөлек, әкімдік «Астана қаласының 2030 жылға дейінгі төмен көміртекті даму стратегиясын» жасауда, ол парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша халықаралық міндеттемелерді орындауға және энергия үнемдеу мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда, Қазақстан астанасының ауа бассейнінің жай-күйі халықтың тіршілік етуі үшін экологиялық тұрғыдан қолайлы ретінде сипатталады.  

Соңғы жаңалықтар