Астананы газдандырудың ІІ кезеңіне 3 млрд теңге бөлінеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 2024 жылы Астананы газдандырудың ІІ кезеңіне 3 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Энергетика министрлігінің бюджеттік бағдарламасының жобасында айтылған.

Құжаттағы мәліметке сүйенсек, жоғары қысымды газ құбырын тартудың ІІ кезегі 2024 жылға жоспарланған. Осының арқасында 3-9 іске қосу кешендері салынбақ. Бұл мақсатқа Энергетика министрлігі 3 млрд теңге жұмсамақшы.

Ал 2025 жылы құрылыстың ІІІ кезегі іске асырылады. Бұл кезеңде газ құбырын бұру жобасы орындалып, 1-3 іске қосу кешендері салынады. Бұл мақсатқа бюджеттен 3 млрд 672 млн 951 мың теңге қарастырылған.

Жалпы министрлік 2024 жылы республика бойынша 176 342 адам мен 25 ауылдық елді мекенді газдандыруды жоспарлап отыр.


Соңғы жаңалықтар