Астананы газдандыру жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астанаэнергосервис» АҚ Астана қаласын газдандыру бағдарламасының жобасын қоғамдық талқылауға шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының газдандыру бағдарламасы шеңберінде және 2018 жылдың 5 наурызындағы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» орындау үшін «ҚазТрансГаз» АҚ «Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Теміртау-Астана» бағыты бойынша ұзындығы 1 081 км Сарыарқа магистральды газ құбырын құру жоспарланып отыр.

Газ құбырының осы бөлігі магистраль бойындағы Астана, Қарағанды, Теміртау, Жезқазған қалалары мен оған жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз етеді.

Жобаны іске асыруды үйлестіру мақсатында Астана әкімдігі газбен жабдықтау жүйелерін жобалауды бастады.

«Астана қаласының газдандыру жобасы  ЖЭО-ның ыстық су қазандығын көмірде жұмыс істеу мүмкіндігін сақтай отырып, табиғи газды жағуға ауыстыру арқылы ЖЭО-1 және ЖЭО-2-ні қайта құруды, жеке сектордағы үйлерді кезең-кезеңмен газдандыру және ішкі-қазандық қондырғыларын газдандыруды,  қолданыстағы СКСГ (сұйытылған көмірсутекті газдар) тұтынушыларын табиғи газға ауыстыру қамтамасыз етеді», - делінген хабарламада.

Қаладағы тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардың жаңа құрылысының қарқынды дамуы жылу және электр энергиясына деген қажеттілікті арттырады, бұл өз кезегінде атмосфералық ауаның сапасына әсер етеді. Елорданың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін экономикалық, әлеуметтік және экологиялық факторлардың оңтайлы үйлесімін ұстану маңызды.

«Бұл жобаны іске асыру Астана қаласының отын-энергетикалық балансын және экологиялық жағдайын айтарлықтай жақсартады. Сонымен қатар бұл өнімнің сапасына және табиғи газды пайдалану кезінде тұрмыстық қажеттілік үшін жасалатын жайлылық сияқты көзге көрінбес артықшылықтармен қатар пайдаланылатын энергия тасымалдаушыдан тікелей экономикалық нәтижеге қол жеткізілетін болады», - делінген хабарламада.

Жобаға қатысты ескертулер мен ұсыныстарді [email protected] электрондық поштасына жөнелту керек. 

Соңғы жаңалықтар